Оқиғалар 06.09.2020 сағат 23:40

Павлодарда 30 жастағы жігітті балалар ойнайтын аулада өлтіріп кеткен

«Қоңырау жедел жәрдемге Айманов көшесі, 18 мекенжайынан келіп түсті. Хабарламада 30 жастағы ер адамның кеудесінде пышақ жарақаты бар екені айтылды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Павлодарда 30 жастағы жігітті балалар ойнайтын аулада өлтіріп кеткен
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Павлодардағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның қанға боялған денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Куәгерлер оқиға болған жерден видео түсіріп, оны Telegram желісіне орналастырды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қайтыс болған адам 5 қыркүйекке қараған түні табылған. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды.

6 қыркүйек күні таңертең үйдің тұрғындары оқиға орнынан үлкен қан дақтарын көрді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, ер адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.

«Қоңырау жедел жәрдемге Айманов көшесі, 18 мекенжайынан келіп түсті. Хабарламада 30 жастағы ер адамның кеудесінде пышақ жарақаты бар екені айтылды. Оқиға орнына жеткенде бригада жедел жәрдем келгенге дейін жәбірленушінің қайтыс болғанын жазды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің мүддесіне сай өзге де ақпарат таратылмайды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар