$ 448.15  483.46  4.86

Көкшетауда 1 жасар бала түйреуіш жұтып қойды (ФОТО)

Түйреуіш наркоз және хирургиялық отасыз алынды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәбиге ота жасады. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйіреуіш алынды», - делінген жазбада.

Сонымен бірге, дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге баруға кеңес береді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары