$ 443.85  474.3  4.8

Ақтоғай кен орнында жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапты

Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

ШҚО-да орналасқан Ақтоғай кен орынының екінші байыту фабрикасының құрылыс алаңында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, KAZ Minerals Тобының хабарламасына сілтеме жасап.

"Жетінші қыркүйек күні сағат 22.00 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде мердігерлік ұйым - ICG компаниясының қызметкері биіктіктен құлады. Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккен азамат қайтыс болды.

Оқиға орнындағы жұмыстар тоқтатылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - делінген ресми хабарламада. 

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары