$ 494.87  520.65  4.91

Күйеуінің опасыздығын білген әйел ерекше тәсілмен жолдасынан кек алды

Мен оған ешқашан мұндайды тілемес едім.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

АҚШ тұрғыны опасыздық жасаған күйеуінен кек алып, көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ, Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

 Жұбайының көзіне шөп салғанына шыдай алмаған америкалық әйел көшеге жолдасы және балаларымен түскен суретін іліп қойған.

 "Келіншек опасыз күйеуін қызыл дөңгелекпен қоршап, "Әйелі мен балаларын тастап Нью-Йоркте (...) Оның жаңа көршілері, біліңдер! Ол әлі де отбасылы, бірақ өзге әйелмен тұрады", - деп жазып қойған. 
Сондай-ақ ол көзге шөп салғаны үшін полициядан күйеуін жазаға тартуын сұраған. Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары әйел адамды қолдамай, оның іс-әрекетін сынап тастаған. 

"Балалардың суретін неге ілдің? Қатты қаласаң, тек бұл оңбағанның суретін іл", "Мен сені түсінемін, сені сатып кетті. Бірақ балалардың не қатысы бар?", "Менің әкем анама опасыздық жасап, бізді өзге әйел үшін тастап кетті. Бірақ мен оған ешқашан мұндайды тілемес едім", - деп жазды пікір білдірушілер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары