$ 447.4  477.55  4.76

Ақмола облысында немересі әжесін өлтіріп қойды

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел топ құрылды. Нәтижесінде, шағымданушының өзі кісі өлтіргені белгілі болды.
Фото: altaynews.kz
Фото: altaynews.kz

Ақмола облысында маскүнем немересі қарияны өлтірген, деп хабарлайды zakon.kz.

7 қыркүйекте Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласқан Нұресіл ауылының 27 жастағы тұрғыны 87 жастағы әжесін үйінен өлі тапқанын жеткізді.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қарияның ұзақ уақыт бойы ішімдікке салынған немересімен бірге тұрғанын анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қария алған ауыр дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған.

Қылмысты ашу үшін арнайы жедел топ құрылды. Нәтижесінде, шағымданушының өзі кісі өлтіргені белгілі болды.

"Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары марқұмның 27 жастағы немересін ұстады, ол бұрын озбырлық, алаяқтық және тонау бойынша сотты болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы,1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полициядағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары