09.09.2020, 22:10

Елордада зорланған төрт ит табылды (ФОТО)

фото: pixabay.com
Кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Нұр-Сұлтанның зооқорғаушылары "Астана Ветсервис" үйсіз жануарларға арналған изолятордан қатыгездікпен зорланған төрт итті тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Олардың айтуынша, тексеру кезінде ветеринар дәрігер барлық төрт итте бірдей жарақат бар екенін растады. Жарақатты барлығы бірдей уақыт аралығында алған. 

"Изолятор аумағында (Ақсүмбе тұйық көшесі, 1) қатыгездікпен жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама өткізіледі. Айта кету керек, изолятор аумағында кәсіпорын қызметкерлерімен бірге иесіз жануарларды күтуге көмектесіп жатқан тұрғындар жұмыс істейді. Арыз жазылып, полиция департаментіне жіберілді. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады", - деді ветеринарлық компанияның өкілдері.