Алматыда қолына пышақ ұстаған ер адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға тап беріп, көлік жөндеу орталығының клиентін жаралады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Қолына пышақ ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыс бүгін қаланың Әуезов ауданында болды деп хабарлады. Бұзақылық ниетпен алкогольдік мас күйде болған адам көлікке қызмет көрсету орталығына келген кісіні пышақтап тастады. Ол жедел ауруханаға түскен.
«Күдікті - Жамбыл облысының тұрғыны Ж. есімді азамат екені анықталды. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді», - деп хабарлады полициядан.