Зеренді ауданының 44 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған баланы интимдік қатынасқа мәжбүрлеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу 10 қыркүйекте полицияға келіп түскен жәбірленушінің анасының өтініші бойынша жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола полицейлері Зерендінің бұрын сотталған 44 жастағы тұрғынын анықтады.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 123-бабының 2-бөлігі («Жыныстық қатынасқа, еркек пен еркекке, лесбиянға немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген Ақмола облысының ПД хабарламасында.
Күдіктіге қатысты іс жүргізуге мәжбүрлеу шарасы – «келу туралы міндеттеме» таңдалды.