$ 494.87  520.65  4.91

«Mega Silk Way» сауда орталығында әйел адам ұрлық үстінде ВИДЕОға түсіп қалды

Әйел оқиға орнына полиция бөліміне жеткізілді.

28 жастағы астана тұрғыны «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығына барып, «DeFacto» және «Waikiki» дүкендерінен киім ұрлаған, бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлайды.

«Әйел заттарды алып, оларды киім ауыстыратын бөлмеге сүйреп апарып, магниттік қыстырғыштарды қайшымен кесіп, сөмкеге салып, дүкеннен кете барған. Ұры ерлер мен балалардың заттарын қолды еткен. «DeFacto» дүкенінен  ерлер сөмкесін, 3 шалбар, әйелдердің шалбарын және футболка алған.  «Waikiki»-ден балаларға арналған киімдерді таңдаған»,-делінген хабарламада.

Әйел оқиға орнына полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұрланған заттарды күйеуі мен баласына бергісі келгенін түсіндірді. Киім-кешек толығымен тәркіленді.

«Осы факт негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды Әйелдің елрда аумағында осы тектес басқа да қыолмыстарға ұқатысы бар жоғы тексерліп жатыр»,-делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары