Алматы облысында жоғалған бозбала өлі күйде табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны "102" пультіне Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жігіттің жансыз денесін тапқаны туралы хабар жеткізген. Оқиға болған жерге барған жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар-ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады.
Ер адам балық аулау кезінде мәйітті тауып, дереу полицияға хабарлаған.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Равиль Абумуслимов биыл 30 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен болатын. Полицияға баланың туыстары жүгінген. Іздеу жұмыстарын уәкілетті органдар мен еріктілер белсенді түрде жүргізген.