Алматыда ер адам көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Ақпараттарға сәйкес, оқиға бүгін түскі сағат 14:00 шамасында болған. Полиция департаментінің мәліметінше, көпірден секіріп кеткен адам Павлодар қаласының тұрғыны болып шыққан. Ол секіргеннен соң жүріп келе жатқан көліктің астына түскен.
«Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы автокөлік көпірінен О. атты азамат секіріп кетті. Ол мас болған. Медициналық бригаданың күшімен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Сол жерде істің мән-жайы анықталады», - деп хабарлады Алматы қаласының Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы, оны осы әрекетке кімнің итермелегені анықталатынын жария етті. Алдын ала берілген ақпарат бойынша ер адам үй-күйсіз болған.