$ 494.87  520.65  4.91

Елордада екі мас жігіт көпірдің үстіне шығып кетті (ВИДЕО)

Ұсталған жігіттердің айтуынша, олар биіктікке шығу үрейін жеңу үшін көпірге шығып алған.

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері көпірден жас жігіттерді түсіріп алды, деп хабарлайды Inform.kz.

«Видеобақылау камераларын тексеру барысында Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жедел басқарма орталығының инспекторы Қабанбай батыр даңғылындағы автокөлік көпіріндегі аркаға шығып кеткен екі адамды байқап қалған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 25 жастағы екі жігітті ұстады. Ұсталған кезде олар мас болған. Ұсталған жігіттердің айтуынша, олар биіктікке шығу үрейін жеңу үшін көпірге шығып алған», - деп хабарлайды департаменттен.

Ішімдік ішіп алып, қоғамдық орында жүргені үшін жас жігіттерге 5 АЕК-тен айыппұл салынды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары