Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековты мамандандырылған прокурорлар бөлімі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.
Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
"Қарағанды облысының арнайы прокурорлары департаменті Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу-жедел тобына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері кіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуге қатысты ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ екенін атап өткіміз келеді", - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.
Жақсылық Шалабеков 2019 жылдың ақпан айында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол қалалық құрылыс бөлімін басқарған.