Тай елінде мектеп мұғалімі үй тапсырмасын орындамаған оқушыны өздігінше жазалады. Ол оқушыдан 100 рет отырып-тұруын талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz.
13 жастаға бала мұғалімнің бұйрығымен физикалық жаттығу жасауға мәжбүр болды. Сол күні кешкілік ол өзін нашар сезініп, ертесі көз жұмды. Оны жақындары өлі үйінде тапты. Дәрігерлер баланың жүрегі тоқтағанын айтты. Оған ауыр физикалық жаттығу себеп болуы мүмкін.
Баланың ағасының айтуынша, інісін бір күн бұрын ғана ауруханадан шығарған. Ол жаттығу жасауға дайын емес еді. Мұғалім мұны білсе де, жеңілдік жасамаған.
Мектеп басшылығы баланың туыстарымен хабарласып, кешірім сұрады.
Баланың жақындары бұл оқиғаның балаларды қатаң жазалайтын мұғалімдерге сабақ болғанын қалайды.