14.09.2020, 18:20

Қаратабанда саңырауқұлаққа ұқсас үлкен түтін ауаға тарады

фото: azh.kz
Түтіннің қай компанияға тиесілі екендігін анықталды.

Бүгін әлеуметтік желіде шамамен Қарабатанда жанып жатқан түтіннің суреті пайда болды, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

«AЖ» облыстық экология департаментінің бастығы Әлібек Бекмұхаметовке хабарласты. Ол шығарынды дерегі тіркелгенін және алаудың NCOC компаниясына тиесілі екенін растады.

"Біздің мамандар ауаның ластану деңгейін анықтау үшін Қарабатан аумағындағы санитарлық аймақта ластаушы заттар концентрациясын өлшеуде. Прокуратураға хабарладық, енді жоспардан тыс тексеру жүргіземіз", - деді А.Бекмұхаметов.