$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл қылмыстық құқықбұзушылық болып есептеледі»: ІІМ Қуат Хамитовтың үндеуіне қатысты пікір білдірді

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз танымал спортшы Қуат Хамиттің әлеуметтік желіде жарияланған үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz сайты.

«Спортшы әлеуметтік желілердің бірінде зорлық-зомбылыққа шақырған үндеу жариялады. Бұл тікелей заң бұзушылық және қылмыстық құқықбұзушылық болып есептеледі. Ішкі істер министрлігі азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек мемлекеттік органдардың ресми мәліметіне сенуге шақырады. Заңды бұзған жағдайда көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармау керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, 14 қыркүйекте қазақстандық танымал спортшы Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы үшін полицияға жеткізілді. Қуат Хамитовтың халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы кең тараған еді.  

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қ.Хамитов Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді», - делінген Алматы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары