$ 494.87  520.65  4.91

Кеше жұртты дезинфекция жасаушыларды ұрып, тікұшақтарды атуға шақырған Қуат Хамитов тұтқындалды

Елімізде жаппай тәртіпсіздікке, заңға бағынбаушылыққа және азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға халықты шақырғаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру қарастырылған.

Алматы полициясы қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың дезинфекциялаушыларды ұрып, тікұшақтарға оқ атуға шақырғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында спортшының зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға шақырып жатқаны видеосы анықталған. Сол себепті, кеше ол Алматы қалалық Полиция департаментіне жеткізілді.

«Қазір ҚР ҚК-нің 272-бабы 3 тармағы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Азамат Хамитов Қуат тергеу шараларына байланысты Полиция департаментіне жеткізілді. Тергеу амалдарының қорытындысына сәйкес процессуалды шешім шығарылады. Азамат Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді Алматы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, елімізде жаппай тәртіпсіздікке, заңға бағынбаушылыққа және азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерін ұйымдастыруға халықты шақырғаны үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары