$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда 22 жылдан бері жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды

Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының Алтай аймағында да іздестіру шаралары жүргізілді. Десе де бұған қарамастан есірткі сатушыны қолға түсіру мүмкін болмаған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Өскемендік полиция қызметкерлері жиырма жылдан астам уақыт жасырынып жүрген қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1998 жылдың наурызында 1970 жылғы Павлодар қаласының тумасы сату мақсатында белгісіз біреулерден аса ірі көлемде марихуана алып, Өскемендегі үйінде сақтаған.

 Оның пәтерін тінту кезінде тәртіп сақшылары есірткіні және заңсыз саудадан түскен ақшаны тапты. Алайда күдіктінің өзі қашып үлгерген. Сөйтіп полиция басқармасы осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, есірткі сатушыға іздеу жарияланды.

 Полицияның түгел дерлік жеке құрамдары есірткі сатушынының қайда екенін анықтауға жұмылдырылды. Сондай-ақ республикаданың өзге облыстарына да бағдар жіберілген. Жедел топ құрылып, күдікті байланысқа шығуы ықтимал адамдар тексерілді. Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының Алтай аймағында да іздестіру шаралары жүргізілді. Десе де бұған қарамастан есірті сатушыны қолға түсіру мүмкін болмаған.

 «Қашқын тығылып жүруі мүмкін деген жерді 2020 жылдың қыркүйегінде анықтадық. Сол жаққа бірден басқарманың жедел тобы аттанды. Белгілі болғандай, ер адам кейіннен Павлодар қаласына келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Полицейлер оны құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды», - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Денис Ерімбесов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары