$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысында ер адам 65 жастағы зейнеткерді ұрып кетті

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматы облысында 28 жастағы азамат 65 жастағы әйелді ұрып, тонады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Текелі ҚПБ кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын орталық саябақта сағат 18.30 шамасында белгісіз ер адамның шабуыл жасағаны туралы арызданған. Күдікті азаматшаның бетінен ұрып, жеке заттарынан басқа ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Жалпы шығын сомасы 76 мың теңгеден асып отыр.

Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де қарақшылық, ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Қаратал ауданы Қаратал ауылының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әже #ұрып-соғу