$ 448.15  483.46  4.86

Тыйым салынған «Ата жолы» оккульттік діни ағымының 4 өкілі ұсталды

Ол "Ата-Жолы" діни ұйымы қызметіне 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ресми түрде тыйым салынғанын баса айтты.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Көліктегі полициясы департаменті тыйым салынған  "Ата-Жолы" сиқырлы-мистикалық діни ағымның төрт жақтаушысын ұстап, оларға айыппұл салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 14 қыркүйегінде Орал станциясындағы полиция бөлімі желісіне елімізде тіркелмеген "Ата жолы" қауымының бір топ адамы "Орал-Алматы" жолаушылар пойызымен Оралға қарай кетіп бара жатқаны туралы белгісіз біреуден хабарлама келіп түскен.

Алынған ақпаратты тексеру барысында көлік полициясы Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша дін істері басқармасының өкілдерімен бірге Орал қаласының 41-ден 50 жасқа дейінгі төрт тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұсталғандарға қатысты 9-шы және 10-шы бөлімдер бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 489-бабы, "Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін, сондай-ақ басшылық, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген қоғамдық, діни бірлестіктердің қызметіне қатысқаны, олардың қызметін қаржыландырғаны" үшін 50 және 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді басшы Көліктегі ПД басшысы Оңал Бекиев.

Ол "Ата-Жолы" діни ұйымы қызметіне 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ресми түрде тыйым салынғанын баса айтты. Алайда,салынған тыйымға қарамастан, бұл ұйым әр түрлі жамылғымен өз қызметін жалғастырып келеді.

"Ел азаматтарынан қырағылық танытып, жалған діни ағымдардың алдап-арбауына түсіп қалмауын сұраймыз", - деп сөзін түйіндеді полиция полковнигі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары