$ 498.34  519.72  4.85

«Төмен бағамен көлік алып беремін» деп тұрғындарды алдаған алаяқ ұсталды

Мақтаарал ауданының полицейлері тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстары жасалып, полицейлер бір тәулік ішінде күдіктінің ізіне түсті.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға "төмен бағамен көлік әперемін" деп уәде берген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар, яғни екі жәбірленуші арызданды. Арызданушылардың айтуынша олардың ортақ танысы Ресей мемлекетінен "ВАЗ" маркалы автөкөлікті төмен бағада әкеліп беремін деп алдаған. 

Тұрғындардың әбден сеніміне кіріп, әрқайсысынан 100 мың теңгеден астам ақша алған. Алайда, таныстары не көлік әкеліп бермеген, не ақшаларын қайтармаған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Мақтаарал ауданының полицейлері тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен алаяқты қолға түсіру, қылмысты ашу мақсатында кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Мұқият тексеру жұмыстары жасалып, полицейлер бір тәулік ішінде күдіктінің ізіне түсті. Осылайша жедел уәкілдер күдіктіні Алматы қаласынан ұстап, Мақтаарал АПБ-не жеткізді. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Белгілі болғандай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

 Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Оған қоса ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыыстарға қатыстылығы анықталуда. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға сақ болуды, жақын таныс емес азаматтарға сенбеуге кеңес береді. Алдын ала ешкімге телефон арқылы ақша салмаңыздар. Алаяқтардың арбауына ермеңіздер. Егер, сіз осындай алаяқтықтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның "102" телефонына хабарласыңыздар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#алаяқ #көлік