$ 445.66  474.58  4.78

Петропавлда 80-нен асқан әжей терезеден секіргісі келген

Көршілерінің айтуынша, зейнеткер соңғы бір жылдың ішінде 3 рет үйді өртеп жібере жаздапты.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Петропавлда 80-нен асқан әжей бүкіл елді дүрліктірді. Ол терезеден секірмек болып, бүкіл көршілерін шошытты. Полиция мен құтқарушылар оны аман алып қалды. Күйзеліске түскен әжей суицид жасамақ болды ма, әлде оқыс оқиғаға тап болды ма, белгісіз, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Көпқабаттың үйдің терезесінен секіргелі тұрған әжейдің видеосы кешелі бері ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Техника дүкенінің сатушылары мен құқық қорғаушылар оны құтқарып әлек. Полиция аға лейтенанты Оразғали Өмірсерік сол күні кезекшілікте болған. Хабар түсе салысымен ол оқиға орнына шұғыл жетіпті. Көрпе іздеп, құлағалы тұрған зейнеткерді аман алып қалуға тырысқан. Бірақ, әжей көрпеге емес, құтқарушылардың қолына құлапты.

«Дүкен қызметкерлерімен бірге құтқардық. Түсіріп алдық. Ештеңе айта алмады ол кісі. Бірдеңе пәтерінен іздеп жатты, ақша туралы сұрады. Бірақ, ештеңе айта алмады», - дейді СҚО ПД потрульдік полиция қызметінің аға инспекторы Оразғалы Өмірсерік.

Сексеннің сеңгірінен асқан қария үйде болмай шықты. Бұл бірінші рет емес екен. Көршілерінің айтуынша, зейнеткер соңғы бір жылдың ішінде 3 рет үйді өртеп жібере жаздапты.

«Әжеге бірнеше рет азық-түлік апарып жүрдім. Оның осы үйде тұрғанына 20 жылдан асты. Бұрын жаман мінезін байқамадым. Бірақ, өткен аптада электр пешін қосып қойып, үйді өртеп жібере жаздады. Ал оның алдында екі рет газды ашып қойған. Иісін сезіп, аман қалдық», - дейді көршісі.

Зейнеткердің әрекеті көршілеріне түсініксіз. Негізі Петропавлда түрлі әрекет жасап, өз-өзіне қол салатындар аз емес. Ресми деректерге қарағанда, аймақта жыл басынан бері 43 адам суицид жасапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары