$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін ВИДЕОға түсірген

Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді.

Әлеуметтік желілерде мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеосы пайда болды. Қақтығыс Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Алдымен екі жасөспірім бірін-бірі киімінен ұстайды да сөзбен айтысады, содан кейін біреуі екіншісін жерге сүйрейді.  Екінші видеода үшінші қыз жеңілген сыныптасының басын тізесімен басқан.

Облыстық полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.

"Кәмелетке толмағандардың өз сыныптастарын ұрып-соғу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша, 9-сыныптың үш оқушысы әдепсіз қарым-қатынасқа байланысты сыныптасын ұрып-соғып, бәрін ұялы телефонға түсірген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар ауданның оқу орындарында профилактикалық әңгіме өткізді", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары