$ 494.87  520.65  4.91

Елордада жантүршігерлік қылмыс істеген тұрғын ұсталды

Арақ ішіп отырғанда оған үй иесінің кішкентай ұлымен сөйлескен мәнері ұнамай қалған
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда жедел-іздестіру шаралары кезінде үш адамды пышақтап, жарақат салған 30 жастағы астаналық тұрғын ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Танысына үйіне барып, арақ ішіп отырғанда оған үй иесінің кішкентай ұлымен сөйлескен мәнері ұнамай қалған. Бала тәрбиесі бойынша өзара дауласқан екеуінің бірі ас үй пышағын алып, екіншісіне үш рет сілтеген", - дейді полициядағылар.

Пәтерден жүгіріп шыққан ол баспалдақтағы алаңда үй иесінің көршісіне соғылып қалады, қылмыс орнынан тез ізін суытқысы келген ол оның қарнына да пышақ сұғып, осы кезде шуды естіп, сыртқа шыққан оның әйелінің де қолын пышақпен жарақаттайды.

"Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері ауыр қылмысқа қатысты күдіктінің қашып кетуіне жол бермей, оны 15 минут ішінде қамауға алды", - деп атап өтті елордалық ПД.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 103-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның бұрын осындай қылмыс бойынша сотталғаны анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары