Бүгін 03.01-де Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Южная көшесі 5/1 мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
"Жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 7 бөлмелі кірпіш жеке үйдің шатырының ағаш конструкциялары, жиһаз, үй заттары толығымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 6 адам өз бетінше эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала болды. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Ербол Теміров.
Сондай-ақ 04:25-те Ақсу қаласы, Астана көшесі, 101 мекенжайында шаруашылық ауланың аумағында жалпы алаңы 40 шаршы метр кірпіш сарайы мен ағаш жапсаржай шатырының ағаш конструкциялары өртенуі орын алған. Сарай ішінде 0,1 тонна шөп, 4 тонна көмір болған. Өрт сөндірушілер 1 газ баллонды эвакуациялады. Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оған қоса, 26 қыркүйекте Екібастұз ауданы, Шідерті кенті, Алтынсарин көшесі 9/2 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түскен.
"3 бөлмелі газоблоктық үйде шатырдың ағаш конструкцияларының жартылай жануы, шатырдың құлауымен үйге жапсарлас шпалды веранда толығымен жанып кетті. Өрт аумағы 80 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер 20 литрден 2 газ баллонын эвакуациялады. Оқыс оқиға себебі - пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Ербол Теміров.