04.10.2020, 01:20

Ақтауда жедел жәрдем көлігі аударылып, төрт адам жарақат алды (ВИДЕО)

Олардың екеуі үйлеріне жіберілді, ал қалғандары Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.

3 қазанда Ақтаудағы қан орталығына қарама-қарсы жерде жол апаты болып, нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылған, деп хабарлайды Stan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау полиция басқармасының "Сұңқар-8" патрульдік полиция батальонының экипажы оқиға орнына жеткен. Оқиға орнында Audi мен жедел жәрдем көлігі соқтығысқандығы белгілі болған.

"Аталған факті бойынша анықтаушылар жұмыс істеуде", - деп атап өтті өңірдің бас полицейі, полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілді, ал қалғандары Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.