04.10.2020, 14:26

Павлодар облысында болған сұмдық жол апаты бес адамның өмірін жалмады

фото: sn.kz
Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 63-шақырымында екі көлік соқтығысқан.

Павлодар облысында жеңіл автокөлік пен трактор соқтығысып, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жантүршігерлік апат 3 қазанда кешке болған. 21:00 шамасында Ақтоғай-Шолақсор тас жолының 63-шақырымында екі көлік соқтығысқан.

"ВАЗ 21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторы тасымалдаған тіркемемен соқтығысқан, тракторды 47 жастағы жүргізуші тізгіндеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деді ведомство өкілдері.

Бұл факт бойынша тексеріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.