$ 444.32  473.33  4.76

«Денесінде қоянның қаны»: Алматыда шетелдік азамат өзін ұрлап кетті деп хабарлаған

Қылмысқа тек төрт азамат: азамат А., туыс інісі, досы және оның сүйікті қызы қатысқан.
Фото: KTK
Фото: KTK

Алматыда 37 жастағы Әзірбайжан азаматы өзін ұрлады деп жариялады, деп жазады КТК арнасы.

Ер адам Қазақстандағы туыстарына бірнеше рет барып, олармен ірі алаяқтық жасау туралы шешім қабылдады. Әзірбайжан Республикасының азаматы А., өзін елге көкөністер мен жемістердің жеткізушісі ретінде көрсетті. Өзіне серіктес іздеді. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласынан келген бизнесменмен байланысқа шықты.

«Бизнесменге азаматтың ұрланғанын хабарлағандар, одан ақша сұрай бастады. Дауыстық хабарлама жіберді. Олар кәсіпкерден 100 мың доллар көлемінде төлем сұрады. Оның орнына азаматты аман-есен тапсыруға уәде берді. Ер адам бірден полицияға көмек сұрады. Және өте дұрыс әрекет жасады», - деді ұрлау Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің басшысы Еркін Іңкәров.

Еркін Іңкәров қылмысқа тек төрт азамат: азамат А., туыс інісі, досы және оның сүйікті қызы қатысқанын атап өтті. Суретте Әзірбайжан азаматы түсірілген, оның киіміндегі қызыл қан қоянның қаны боып шықты. Полицейлер шетелдіктерді жалдамалы пәтерде, қауіпсіз күйде тапты.

Алматы қаласының ДП тергеу басқармасы «ұрлау» әрекеттеріне қатысушылардың әрқайсысының әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрі қарайғы шараларға құқықтық баға береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары