$ 494.87  520.65  4.91

Мексикада блогер қызды TikTok түсіріп жатқандa атып тастады

Жастар қаруды оқталмаған деп ойлап, әйелді кездейсоқ атып жіберген болуы мүмкін.
Фото: KTK
Фото: KTK

Блогерді TikTok түсіріп жатқандa атып тастады Арелин Мартинес есімді мексикалық блогер TikTok-қа бейнежазба түсіру кезінде кездейсоқ атылған оқтан мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасы сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2 қазанда Мексиканың Чиуауа қаласында, бір топ жастар танымал әлеуметтік желіге салу үшін ұрлау туралы видео түсірген кезде болды. Сценарий бойынша Арелиннің қолдар және көздері байланған, оның жанында екінші "кепілге алынған" адам болған. Сондай-ақ, желіде жарияланған видеода бірнеше адамның атыс қаруын қолданғанын көруге болады.

Кадрларда жігіттердің біреуі жалған кепілге алынған адамды тізе бүгуге мәжбүрлеп, ал өзі оның желкесіне тапанша тақап тұрғанын көруге болады. Осы уақытта тағы бір жас жігіт Арелин Мартинезті нысанаға алды. Блогерлердің түсірілім кезінде оқталған шынайы қаруды не үшін қолданғаны белгісіз. Ал жергілікті БАҚ қару "қателікпен" атылды деп жазады.

"Біз қарастырып отырған болжамның бірі – жастар қаруды оқталмаған деп ойлап, әйелді кездейсоқ атып жіберген болуы мүмкін", – дейді Чиуауа қаласының бас прокуроры Сезар Аугусто Пениче Эспехель.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиғадан кейін жәбірленушінің достары оқ атылған сәтте дереу қашып кеткен. Қолы байланған бойжеткеннің жансыз денесі оқиға орынан табылды.

"Түсірілім тобының" бір мүшесі оқиға туралы полицияға хабарлады. Құқық қорғау органдары оқ атқан екі күдіктінің жеке басын анықтады. Қазіргі уақытта олардың қамауға алынған-алынбағаны белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр. Арелин Мартинезді жерлеу рәсімі 5 қазанда өтті. Қыз 20 жаста еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары