$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт әйел адамды балғамен ұрып өлтірді (ВИДЕО)

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысында ер азамат әйел адамды балғамен ұрып өлтірді. Жантүршігерлік оқиға кеше түнде Макинск қаласында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

42 жастағы әйел адам ашық дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгенімен көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы қылмыскерді бірден анықтаған. Ол 26 жастағы Макинск қаласының тұрғыны болып шықты. Ер азамат өз кінәсін мойындап, оқиғаның қалай өрбігенін айтып берген.

"Осы қылмысты жасаған Макинск қаласының 1994 жылы туған тұрғыны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл азамат өз ісін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азамат уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деді  Бұланды полиция бөлімінің бастығы Алмат Метаев.

Оның қылмысқа баруына не себеп болғаны белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары