$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан азаматы көңілдесімен жыныстық қатынасқа түскен кезінде жүрегі тоқап қалған

Оның денесін көңілдесі үйінде алты сағат бойы қалдырып, кеш ауа арбаға салып, көшеге қалдырып кетіпті.
Фото: kk.eswc-live.com
Фото: kk.eswc-live.com

Әйелінің көзіне шөп салмақшы болған Өзбекстан азаматы жыныстық қатынас кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

Марқұмның көңілдесі жедел жәрдем шақыртпай, мәйітті жолда тастап кеткен. Ол өзін ұятты жағдайда қалып қоямын деп ойлаған көрінеді. 

Жыныстық қатынас кезінде жүрегі тоқтап қалған ер азаматтың денесін оның көңілдесі үйінде алты сағат бойы қалдырып, кеш ауа арбаға салып, көшеге қалдырып кетіпті. 

Қазіргі таңда бұл қылыққа барған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Егер сот әйелдің көмекке мұқтаж жанға жедел жәрдем шақыртпағаны үшін кінәлі деп тапса, ол үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары