Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар кір жуғыш машинаның барабанында қамалып қалған 10 жастағы қызды аман алып қалу үшін аппаратты бөлшектеуге мәжбүр болған, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Белый камень ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде 10 жастағы қыз кір жуғыш машинаның барабанынан шыға алмай қалған. Құтқарушылар келген бойда кір жуғыш машинаны бөлшектеп, баланы шығарып алды. Қыздың тығылыспақ ойнап, кір жуғыш машинада жасырынғаны анықталды. Содан өз бетімен шыға алмаған, - делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның зардап шекпегенін айтты.