$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да ерлі-зайыптыларды өлтірген тұрғындарға үкім шықты

Тексеру барысында автокөліктің Үлкен Шаған ауылының тұрғыны Павел Чирковқа тиесілі екендігі, оның азаматтық некеде тұратын әйелі Ирина Ханмен бірге жоғалып кеткені белгілі болды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ерлі-зайыптыларды өлтірген тұрғындарға үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, А.Черняков пен В.Колыванов айыпты деп танылды. 

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Черняков 23, сыбайласы 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. 

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жеке тұлғаға қарсы қылмысты ашу жөніндегі бөлім бастығы, полиция подполковнигі Руслан Усиевтің айтуынша, 3 сәуір күні Бәйтерек ауданы полиция бөліміне өртеніп кеткен Volkswagen Jetta автокөлігінің табылғаны жөнінде хабар түскен. 

Тексеру барысында автокөліктің Үлкен Шаған ауылының тұрғыны Павел Чирковқа тиесілі екендігі, оның азаматтық некеде тұратын әйелі Ирина Ханмен бірге жоғалып кеткені белгілі болды. 

Кейін жедел іздестіру шаралары мен бірқатар сараптамалар нәтижесінде В.Колыванов пен А.Черняков ұсталды. Олардың жауабына қарағанда, 26 наурыз күні Колесов ауылында А.Черняковтің әкесінің үйінде болған. Содан кейін П.Чирков, И.Ханмен араларында ұрыс-керіс туындап, ерлі-зайыптыларды ұрып-соққан. Сосын жәбірленушілерді ес-түссіз халде П.Чирковтың автокөлігімен Шағанның жағасына апарып, күрекпен ұруын жалғастырған. Өлгендеріне көздері жеткеннен кейін оларды көміп тастап, автокөлікті өртеп жіберген. 

Р.Усиевтің сөзіне қарағанда, биылғы тоғыз айда өңірде 23 кісі өлтіру дерегі тіркеліп, соның 22-сі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданған. Ашылу деңгейі 91,7 пайызды құрап отыр. Еске сала кетейік, сәуір айында осы қылмыс бойынша БҚО-да екі адамды өлтірді деген күдікпен 2 тұрғын ұсталып, кейін олардың қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары