$ 446.49  475.38  4.79

Ақтауда 3 көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтау қаласы Мұнайлы ауданында үш көлік соқтығысқан жол апаты болды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер бар. Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев хабарлады. 

Ақтау қаласында Toyota Camry 40 маркалы көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Camry 35 көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota Camry 35 көлігі жол жиегінде тұрған Daewoo Nexia автокөлігіне барып соғылған.

Toyota Camry 40 автокөлігінің жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары