Оңтүстік Кореяда екі қазақстандық азамат қайтыс болды. Түркістандық 20 жастағы жасөспірім мен 50 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны кездейсоқ мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz.
"Жігіт фабрикада шамамен 8-9 метр биіктіктен құлады. 1970 жылы туған әйел алма тергісі келгенде баспалдақтан құлап кетті. Тергеу амалдары жүргізілуде. Айдың аяғына дейін мәйіттер Қазақстанға жеткізіледі", - дейді "ТМД-дағы достар" корейлердің халықаралық қоғамдық ұйымы заңгерінің көмекшісі Мейірбек Садық.
Оның айтуынша, соңғы бір айда Оңтүстік Кореяда Қазақстанның алты азаматы қайтыс болды.