Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға Қазалы ауданы Майлыбас елдімекені жанындағы Самара – Шымкент тасжолы бойында болды. Ресейдің Қазан қаласынан Қырғызстан астанасы Бішкекке бағыт алған «Volvo FH12» жүк көлігі толығымен өртеніп кетті.
«Көлікке 21,5 тонна күнбағыс майы тиелгені анықталды. Өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.