15 қазанда Алматыда екі қарулы адам Kaspi банктің филиалына қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Жұмыс күні аяқталып, клиенттер жоқ кезде банк бөліміне қарулы бейтаныс адамдар баса-көктеп кіріп келген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, олар кассирді қорқытып, 2 миллион теңгені алып кеткен. Бақытымызға орай, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл тетігі іске қосылғаннан кейін көп ұзамай келді", - дейді банктегілер.
Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, белсенділік танытуда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазасын алады.