$ 494.87  520.65  4.91

ХҚКО-да көлік сатушы мен сатып алушы төбелес шығарды (ВИДЕО)

Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы полиция департаменті Саялы ықшамауданындағы аяусыз төбелеске қатысты түсініктеме берді. Оқиға мамандандырылған ХҚКО - да болған, деп хабарлайды Stan.kz.

Видео интаграмдағы пабликтердің бірінде пайда болды. Кадрда жастардың жаппай төбелесі түсірілген. Ер адамның бірі қарсыласын аяусыз тұрып жатқаны анық көрінеді. Куәгерлер жастарды ажыратуға тырысқан. Алматы полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
 
"Бұл факт бүгін (21 қазан - ескерту) Алматы Алатау ауданының аумағындағы мамандандырылған ХҚКО-да болды. Көлік сатушысы мен сатып алушы арасында кикілжің болыпты. Себебі анықталады", - деп хабарлады Алматы ПД.

Аталған факті бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары