$ 449.3  489.69  4.89

«Қорлап өлтірген»: Түркістан облысында жас жігітті 4 ер адам аяусыз өлтіріп, денесін өртеп жіберген (ВИДЕО)

Қайтар жолда, алаңсыз қол көтеріп тұрған жігіттерді айтқан жеріне жеткізіп салуға мінгізіпті көлігіне. Сөйтіп, жақсылық жасаймын деп, қаскөйлер қолынна мерт болған.

Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. 23 жастағы Батыр Мәмбетәлиевті 4 жігіт аяусыз өлтіріп, денесі мен көлігін өртеп кетіпті. 8-ші қазаннан бері азаматты туыстары шарқ ұрып іздегенімен, тек 9- тәулік дегенде көрші ауылдың шетіндегі сайдан тапқан. Енді, қара жамылған отбасы күдіктілердің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр. Марқұм Батыр Мәмбетәлиев әлі шаңырақ көтеріп үлгермеген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

23 жастағы Батыр Мәмбетәлиевті туыстары Ордабасы ауданы, Шұбарсу 2 елді мекенінің айналасын іздестірген. Өйткені, соңғы сигнал осы маңнан шығыпты. Сондықтан, волонтерлар, туыстары жабылып жүріп, осы маңдағы барлық тұрғын үйлер мен сарайларды шолып шыққандарын айтады. Бірақ, ешбірінен таппапты. Сөйтсе, марқұмның мәйіті небәрі 500 метр қашықтықта жатқан сайдың ішінен шыққан.

Оған дейін Батыр Мәмбетәлиевтің туыстары оны өлдіге қимай, тірі күйінде табамыз деген үмітпен 9 тәулік бойы іздестіргендерін айтады. Бірақ, үміт ақталмады. Тек, күдіктілер ұсталып, оқиға орнын көрсеткен кезде ғана, өртенген мәйітті сол жерден тапқан. Қандықол қаскүнемдер әлі шаңырақ көтеріп үлгермеген жігітті қатігездікпен өлтіріп, денесін осы жерде өртеп, тастап кетіпті.

"Мынау өртенген жерге әкеп, өртеген ғой. Мына жерде мусорда көрініп тұр астында пласмасса, әүртүрлі өртенетін заттың бәрі жатыр мына жерде. Үстіне, машинада жатқан өртенеді-ау деген курткасы бар еді, соны алып, үстіне қойған. Шөп-шаламдарды қойып, осында өртеп жіберген", - дейді марқұмның ағасы Асқар Мәмбетәлиев.

Мәйіттен құтылған соң, 4 күдікті марқұмның көлігіне отырып, сай-саламен жүріп отырып, Шымкент қаласының екінші шетіндегі Бозарық елді мекеніне жеткен. Сол маңда темір тұлпарға да от қойған.

Батыр Мәмбетәлиевтың ағасының сөзінше, інісі көлікті табан ақы, маңдайы терімен жиған қаржысына сатып алған екен. Сол күні Шымкентке машинасына қосалқы бөлшек алуға барған көрінеді. Қайтар жолда, алаңсыз қол көтеріп тұрған жігіттерді айтқан жеріне жеткізіп салуға мінгізіпті көлігіне. Сөйтіп, жақсылық жасаймын деп, қаскөйлер қолынна мерт болған.

"Толығы келіп айтты: Осылай-осылай болды, ана жерден мусорды алып салдық. Машинада өртенетін заттың бәрін үстіне салдық-салдық, тұтандырып жібердік. Болды. И бұрылып кетіп бара жатыр. Как будто оның обычный тірлігі сияқты бар ғой. Адам өлтіру. Білмеймін, мен өзім тауық соя алмаймын", - дейді марқұмның ағасы Асқар Мәмбетәлиев.

Батыр Мәмбетәлиев отбасындағы ең кенже ұл екен. Әпкесі тұрмыста, анасы мен ағасы жұмыс бабымен Атырауға кеткен екен. Үйде жалғыз өзі болғанымен, ауылдағы Әділет басқармасында жол картасымен еңбек етіп жүріпті. Биыл ғана Жоғары оқу орнына түскенін айтады анасы. Тумысынан зерек әрі ақылды боп өскен кенжесінің енді мәңгілікке айырылып қалғанына сенер емес.

"Ешкімге зияны жоқ, қорлап өлтірген қорлап. Қорлағаны соншалықты, өлтіріп тастап кетсе мейлі ғой, өртеп кеткен", ", - дейді марқұмның анасы Рахия Мәмбетәлиева.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, қанды оқиға қазанның 8-нен 9-на қараған түні болған екен. Шымкентте н көлігімен келе жатқан 23 жастағы Батыр Мәмбетәлиевті 4 жігіт тоқтатып, діттіген жерге апарып салуын өтініпті. Жолда оны буындырып өлтіріп, көліктің жүк салғышына лақтырып тастаған. Кейінен, марқұмның ұялы телефоны арқылы таныстарына шұғыл ақша қажет болып жатыр деп хабарлама да жіберіпті. Полицейлер осы жазба бойынша күдіктілердің ізіне түсіп, көп ұзамай ұстаған. Төртеуі де Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары екен.

Сондай-ақ, қаскүнемдер бұл қылмыспен тоқтап қалмай, Ордабасы ауданында тағы бір жүргізушіге шабуыл жасап, 45 мың теңгелік жеке затын тартып алған екен. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Марқұмның туыстары олардың қатаң жазаға тартылуы талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары