$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда ер адам дәріхана қызметкерін пышақтап кетті

Мас күйінде болған күдікті жәбірленушіні бірнеше жерден пышақтаған
Фото: KTK
Фото: KTK

Жітіқара ауданында 58 жастағы тұрғын 53 жастағы әйелге пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін әлеуметтік желілерде Жітіқара қаласындағы дәріханада екі адамның көз жұмғаны туралы хабар тарады. Полиция департаменті мән-жайды анықтап, ресми мәлімдеме жасады.

«2020 жылдың 20 қазанында Жітіқара аудандық полиция бөліміне 58 жастағы ер адамның 53 жастағы әйелге пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына жедел-із кесу тобы жұмылдырылды. Полиция 58 жастағы жергілікті тұрғынның танысы жұмыс істейтін дәріханаға келгенін анықтады. Мас күйінде болған күдікті жәбірленушіні бірнеше жерден пышақтаған. 53 жастағы әйел бірден ауруханаға жеткізілді, оған амбулаториялық ем тағайындалды», делінген ведомство ақпаратында.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары