$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада 700 қой өртеніп кетті

Шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған.

Қызылорда облысының Жаңақорған ауылында жайылып жүрген 700-ге жуық ұсақ мал өрттен қырылып қалды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылында (жақын жердегі 74-ӨСБ дейінгі арақашықтық) шамамен ауданы 30 гектар шабылған күріш алқабында құрғақ сабан жанған. Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды»,– деген хабарлама таратты ресми органның өкілі.

Ақпаратқа сүйенсек, өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртенген. Сондай-ақ күйіп қалғандары да бар.

«Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде", – деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#өрт #қой