22.10.2020, 17:00

Назарбаевтың смайлигін салған дизайнер кісі қолынан қаза тапты

Фото: liter.kz
Бисен енді жоқ! Досымды тепкілеп кетті! Адам еместер! Сау жері қалмаған! Аяқ-киімінен таныдық.

Алматыда дизайнер, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа смайлик салған Сәбит Сырахан (Bisen) кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Азаттық сайты.

 Бұл туралы жексенбі, 18 қыркүйекте оның достары мен таныстары әлеуметтік желіде жазды.

"Бисен енді жоқ! Досымды тепкілеп кетті! Адам еместер! Сау жері қалмаған! Аяқ-киімінен таныдық" деп жазды h1rosima есімімен танымал рэпер Бекболат Қайдаров.

19 қазанда Алматы қаласы полиция департаменті кісі өліміне күдікті ретінде Сыраханның сүйікті қызының ағасы ұсталғанын хабарлады.

Департамент күдікті айыбын мойындағанын, қазір уақытша тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады. Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті "Сыраханды ара-қатынасы дұрыс болмаған соң ұрғанын" айтқан.

Департаменттің мәлімдеуінше, 18 қазанда түнде полицияға "белгісіз екі ер адамның аулада төбелесіп жатқаны" туралы хабарлама түскен.

"Бірі құлап, екіншісі оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адам қайтыс болғанын анықтаған. Оның кім екені бірден нақтыланды. Ол – 1989 жылы туған Б. есімді азамат" деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

31 жастағы Сырахан елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсас "Нұрсұлтанның көздері" туындысы жұртқа белгілі. Сыраханды streetwear-бренд дизайнер деп те атайды.

"Сәбит @b1sen өмірден өтті, бірақ оның логосы барлық жерде!" деп жазды Бекболат Қайдаров Instagram парақшасында.