Алматылық әйел өзін бұрынғы күйеуі ұрып-соғып, зорлағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол "Не молчи" қорының өкілдерінен көмек сұраған.
"18 қазанда бұрынғы күйеуім мені жалдамалы пәтерге алдап апарып, байлап, ұрып-соғып, артынша зорлады. Мені пышақтаймын деп қорқытты. Есімнен таңғанша қылғындырды, таңғы 5-ке дейін", - деп жазды әйел.
24 қазанда әйел полицияға арыз жазған.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Алмалы аудандық полиция басқармасына 1998 жылы туған әйелден 1992 жылы туған ер адамның оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы өтініш келіп түскенін хабарлады.
"Бұл дерек сол күні Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 1-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Іс аясында ер адам полицияға жеткізіліп, одан жауап алынды, ол жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарып, жеті ай бұрын онымен тұрғанын түсіндірді", - дейді полициядағылар.