28.10.2020, 16:40

Елорада орталығында кран құлап кетті (ВИДЕО)

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Нұр-Сұлтан орталығында кран құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram желісіндегі кадрларға қарағанда кран Тұран даңғылындағы автожолға құлаған.

Жедел басқару орталығының мәліметі бойынша, сағат 14.00-де Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында КамАЗ бортынан мұнара кранының бөлшегі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.