$ 449.3  489.69  4.89

Қарақалпақстанда аспаннан шар құлады (ФОТО)

Бір қызығы, металлға ұқсас заттан жасалған домалақ шардың бір жағы ішке қарай майысқан.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Қарақалпақстанда аспаннан темір шар құлады. Мұндай ақпаратты жергілікті Мойнақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен көкте бірнеше жарылыс дыбысы естіліп, содан кейін металлға ұқсас заттан жасалған шар жерге құлаған.

"Мен қатты жарылыстың дауысын естілген тұсқа көз салғанымда, бір нәрсе жылт етіп, жерге құлағанын көрдім. Шар сияқты дөңгелек зат алғашқы кезде өте ыстық болды", – дейді куәгерлердің бірі.Бір қызығы, металлға ұқсас заттан жасалған домалақ шардың бір жағы ішке қарай майысқан.

Жергілікті тұрғындардың бірі балаларына құлаған затты суретке түсіріп алу туралы ескерткен соң, ол интернетте тараған.

Оқиғаның жай-жапсары тиісті сала мамандары тарапынан тексерілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары