Оқиғалар 29.10.2020 сағат 07:26

Оралда үйдің жертөлесінен зорлық белгілері бар ер адамның мүрдесі табылды

Белгісіз біреу 29 жастағы азаматқа іш тұсынан, білегінен және басынан шөлмектің сынығымен жарақат келтірген.
Оралда үйдің жертөлесінен зорлық белгілері бар ер адамның мүрдесі табылды
Фото: ernur.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оралда зорлық белгілері бар ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қазан күні «Құрылысшы» шағынауданында болды. Сағат 08.30-да осындағы үйлердің бірінің жертөлесінен зорлық белгілерімен 36 жастағы тұрғынның денесі табылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес күдікті Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаментінен тағы бір оқиға жөнінде хабарлады. Сол күні сағат 15.30 шамасында Мұхит көшесі бойында «КазИИТУ» ғимараты жанында белгісіз біреу 29 жастағы азаматқа іш тұсынан, білегінен және басынан шөлмектің сынығымен жарақат келтірген.

Жәбірленуші облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұған күдікті ретінде бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жастағы СҚО тұрғыны қолға түсіп, ол да қамауға алынды.

Бұл оқиға бойынша да ҚР ҚК 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар