03.11.2020, 09:20

«Бұл - нағыз теракт»: Венада белгісіз біреулер тұрғындарға оқ жаудырған

фото: pixabay.com
Қазіргі таңда маңызды ғимараттарды күштік құрылымдар бақылауда.

Австрияда теракт. Вена қаласының орталығында әзірше белгісіз біреулер тұрғындарға оқ жаудырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Кейбір деректерге қарағанда бір адам қайтыс болған. Он бес кісінің жарақат алғаны жайында да айтылады. Олардың арасында полиция қызмкеткері де бар. Австрия канцлері Себастьян Курц өзінің твиттердегі парақшасында «бұл - нағыз теракт»  деп мәлімдеді. Қазіргі таңда маңызды ғимараттарды күштік құрылымдар бақылауда. Армия да күзет жұмыстарына жұмылдырылды. 

Полиция лаңкестердің ізін кесуде. Төрт күдікті ұсталды деген де ақпар тарады. Тіпті біреуі қақтығыс кезінде оққа ұшқан.