Аланияда 28 кісіні тасымалдаған туристік қайық батты. Салдарынан бір кісі қаза тапты, деп хабарлайды Хабар 24.
Қазірше көз жұмған адам туралы ақпарат жарияланған жоқ. Ал қайықтағы қалған жолаушылар аман.
Елдің ішкі істер министрлігінің ақпары бойынша, қайықтағы 28 кісінің бесеуі экипаж мүшелері. Қалғаны демалушылар. Жағалау қызметінің айтуынша, құтқару жұмыстары аяқталған.