$ 444.32  473.33  4.76

Ақ үй маңында белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасап, төрт адам жарақаттанды

Олар елдің қазіргі президенті Дональд Трампты қолдайтын топтың мүшелері болуы мүмкін.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Вашингтондағы Ақ үй маңында белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасап, төрт адам жарақаттанды, деп хабарлайды РИА Новости.

Зардап шеккендердің 3-еуі ер адам, біреуі әйел.

Бұл жайлы NBC телеарнасы жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады. Олар ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Полицейлер үш күдіктіні іздестіруде. Олар елдің қазіргі президенті Дональд Трампты қолдайтын топтың мүшелері болуы мүмкін.

NBC телеарнаның хабарлауынша, билік бұл шабуылдың елде өткен сайлауға қатысы бар ма, жоқ па, әлі білмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары