$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында бір отбасы газдан уланып, екі адам көз жұмды

Баланың жағдайы ауыр еді, кома жағдайында түсті ауыр болып....
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Меркі ауданында 5 адам табиғи газдан уланып, екеуі қайтыс болды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Жергілікті төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, қаза болғанның біреуі сол үйдің иесі - 32 жасар келіншек. Екіншісі оның 63 жастағы анасы көрінеді.

 Үш адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Олар марқұм болған келіншектің: әпкесі, күйеуі және 7 жастағы баласы. Ересектер осы уақытта ем қабылдап жатыр. Ал, бала көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылған.

"Екі науқас реанимацияға түскен бізге, екеуінің де жағдайы жақсарып қазір неврология бөлімінде ем алып жатыр. Баланың жағдайы ауыр еді, кома жағдайында түсті ауыр болып. Баланы есіне келтіріп одан кейін барып облыстық санавиация арқылы балалар реаниматологын шақыртқанбыз. Транспортальный болғаннан кейін баланы облыстағы көпбейінді балалар ауруханасына алып кетті", - деді Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Райымбек Нұржанов. 

 Алдын ала мәліметтерге қарағанда. Иіс табиғи газ-пешінің мұржасынан шыққан. Мамандардың айтуынша, ол ережеге сай орнатылмапты. Қалай болғанымен мән-жайын арнайы комиссия анықтайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары